27 қараша күні ЕҰУ Ғылыми кітапханасында Тұңғыш президент күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі өтті.
Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы, ішкі және сыртқы саясаты мен халықаралық аренадағы жетістіктері, тәуелсіз еліміздің даму жолына сіңірген еңбегі мен қызметтері жайлы, еліміздің даму тарихын қамтитын әдебиеттер қойылды.
Көрмені көруге келген оқырмандар үшін, кітапханашы Гаухар Спатаева кітап көрмесіне таныстырылым жасап, Елбасының өмірбаянына, көшбасшылық қызметтеріне аса назар аудартты. Көрменің, «Елбасы тағдыры — ел тағдыры», «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — тәуелсіз мемелекеттің негізін қалаушы» атты бөлімдеріне оқырмандар қызығушылық білдіріп, түрлі сауалдар қойды. Олар Н.Назарбаевтың «Елмен сырласу» атты көп томдығы мен Н.Зеньковичтің «Имя, ставшее эпохой. Нурсултан Назарбаев: новое прочтение биографии» атты кітабы бойынша өзара пікір алмасты. Көрме кітапханашылар мен оқырмандар арасындағы ашық диалог негізінде құрылып, оқытушы- професорлық құрам мен білім алушыларды Елбасының омірбаяны мен тәуелсіз Қазақстанның тарихымен таныстыру арқылы өз алдына қойған мақсатына жетті.