АҚПАРАТ КҮНІ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиография бөлімінде 23-27 қыркүйек аралығында кітапхана қорына түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында «Ақпарат күндері» өтті. Шара мақсаты оқырмандарды қазақ, орыс және шет тілдерінде жарияланған  жаратылыстану,  техникалық және гуманитарлық ғылымдарға қатысты ғалымдардың монографиялары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған еңбектерімен таныстыруды көздеді. Кітап көрмесіне оқытушы-профессор құрамы, докторант, магистрант, студенттер аса қызығұшылық таныты.

Көрмеге келген оқырмандар кітапхананың электронды каталогымен, деректер базасы қорымен танысып, әр тұрлі сұрақтары бойынша кеңестер алды. Ашық кітап көрмесінде әр саланы қамтитын 150-ден астам басылымдар мен 33 тен аса мерзімді басылым материалдары ұсынылды.