ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ДИПЛОМАТ ӘДІЛ АХМЕТОВТІҢ «ҒАСЫР ҒИБРАТЫ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханасында 14 қыркүйек күні танымал ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Бұл кітап «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Ғасыр ғибраты» атты кітабының екінші басылымы. Басылым ғалымның 2018 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған бүгінгі әлемнің геосаяси келбетіне, еліміздің әлемдік геосаясаттағы орны мен беделіне, жаһандық анторопогенез ақтаңдақтарына және Мұсылман әлеміне қатысты он беске тарта ғылыми сараптамалық мақалаларының топтамасымен толықтырылған.
Тұсау кесер жиының модераторы ҚР Мәжілісі депутаты  Қ.Сұлтанов жүргізіп, М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов, Б.Омаров, Д.Қамзабекұлы, Д.Қыдырәлі, Д.Нұржігіт сынды танымал ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті. Кітаптың тұсауын көрнекті ғалымдар М.Жолдасбеков пен С.Қасқабасов кесті. Кітап жиынға қатысушыларға тартылды. Әділ Ахметов кітабының бес данасын арнайы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ғылыми кітапханасына арнайы сыйға берді.