БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ

2019 жылдың  17 мамырында филология оқу залында «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің» атты поэзия марафоны өтті.

Кеш аясында кітапхана қызметкерлері студент жастарға Ұлы Отан соғысы туралы, Ұлы Жеңіске жетудегі ата-бабаларымыздың ерліктері туралы әңгімелеп, студент жастарға Отанға деген сүйіспеншілік, өз елін, жерін қастерлейтін саналы, парасатты, ұлтжанды азамат  болуға шақырды.

Поэзиялық шараға филология факультетінің қазақ тілі мамандығының студенттері белсене қатысып,  сол сұрапыл жылдардағы тақырыпқа қалам тербеген өздерінің сүйікті ақын-жазушыларының  өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында шараға қатысушылар «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты  кітап көрмесін тамашалады.