РУХАНИЛЫҚТЫҢ КӘУСАР БҰЛАҒЫ

2019 жылдың  24 сәуірінде   ғылыми кітапханада  Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласы аясында  «Ұлттық сана – үлгілі үрдістер» атты әдеби кеш өтті.    Іс- шара  жастардың бойында ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, дамыту негіздерінің бірден бір көзі – дәстүрлі қазақ музыкасын,  ұлттық ойындарын, ұлттық киімдерін насихаттау.

Әдеби- кеш  филология факультетінің « практикалық қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы Өтелбай Г.Т., филология факультетінің  оқытушысы Убайдуллаева Г.Ж , филология  факультетінің ағылшын  тілі мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен өтті.

Кеш барысында  үш тілде викториналық  ойындар ойнатылып, филология факультеті ағылшын тілі мамандығының 3 курс студенті Ә.Тұрсынов күй тартып, Тіллә Альбина би билеп, қазақтың ұлттық киімдер үлгісі көрсетілді.

«Ұлттық сана -үлгілі  үрдістер» атты  кітап көрмесі мен слайд қатысушылар назарына ұсынылды. Шара соңында кешке қатысқан  студенттерге кітаптар сыйга тарту етілді.