КІТАПХАНА КЕШІ

Ғылыми кітапханада өткен «Кітапхана кеші» шарасы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған дәстүрлі кітап апталығының аясында өтті. Кітапханада сағат 18.00-ден кешкі 21.00-ге дейін студенттер мен оқытушыларға көрмелер, конкурстар, интеллектуалды ойындар мен тренингтер, консультациялар және семинарлар ұсынылды. Кітапхана кеші университеттің «Дала Сазы» оркестрінің орындауындағы ән-күйлермен салтанатты түрде ашылды. Кешке университеттің факультет декандары мен оқытушылары, білім алушылары қатысты.

Жыл сайынғы «Құнды тарту» акциясының аясында кітапхана қорына 2254 кітап сыйлаған Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат, Ә.Бөкейхановтың 15 томдық жинағын сыйға тартқан «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққуұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов өзінің жеке кітапхана қорынан жапон, корей, ағылшын және басқа тілдегі 95 дана кітап сыйлады. Сонымен қатар ғалым-лингвист, ономастиканың негізін қалаушы Айтым Әбдірахмановтың кітаптары мен қолжазбаларының мұрағатын ғылыми кітапхананың қорына профессор Серік Негимов тапсырды. «Құнды тарту» акциясына белсенді қатысып, құнды басылымдар сыйлағаны үшін университет ғалымдары Т.Жұртбай, М.Кемел, А.Шарип, М.Тоқтағазин, Т.Байзахов, А.Бейсекеев, А.Утеповтар алғыс хатпен марапатталды.

Монтиронг қорытындысы бойынша анықталған «Ең көп оқылған кітап» номинациясы бо йынша университет ғалымдары: Байарыстанов А.О., Базарбаева Г.С., Алибекова Б.А., Мукашева М.У., Дузелбаев С.Т. аталды. Жоғарыда аталған авторлармен жазылған оқулықтар мен монографиялар 2018-2019 оқу жылында ең көп оқылған болды. Кітапханамен жиі қолданатын ең белсенді оқырмандар да осы кеште атап өтілді. Бұл ЕҰУ оқытушылары: Нуржанова Ж.Ж., Убайдуллаева Г.Ж., Малгараева З.Б., Атымтаев А.С., Ахмедьянов А.У., Жузтаев Ж.Б., Ожай Ы. және студенттер: Азимбай Б., Бердинова А., Муслим Ф. болды. Осы оқырмандар «Үздік оқырман» номинациясы бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

Кітап апталығы қарсаңында кітапхана университет қоғамдастығында кітапты және оқуды насихаттау мақсатында «Кітаппен бірге өсеміз» фотоконкурсын жариялады. Байқаудың қатысушылары — Сәулет-құрылыс факультетінің дизайн кафедрасының студенттері Макишева А., Сарсенова С., Магафирина А., Кажгалиева А., Абдрахманова А., Амирхан Г., Толенбергенова М., Кавун М. оқытушы  Бозтай З. Б. жетекшілігімен жасалынған фотосуреттермен кітапхананың бірінші қабатында танысты.

          Сәулет-құрылыс факультетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының доценті Бегімбай К.М. жетекшілігімен жасалынған «Этнодизайн — ұлттық өнер» тақырыбындағы 18 студенттік жұмыстың байқау-көрмесі кітапхананың үшінші қабатының фойесінде орналасты. Ұсынылған жұмыстар сарапшылармен көркемдік техника, қолданылған фактура және таңдалған композиция номинациялары бойынша бағаланды. Студенттердің еңбектері арасында Амирхан Г., Сапарбек А. және Магафирина А. еңбектері ең үздік атанды.

Кітапхана кешінің қонақтары сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл баға жетпес кітаптар басылымдары — адамзаттың жазбаша мәдениетінің ескерткіштері.

Кеште студенттер өздерінің өлеңдерін және өзінің сүйікті ақындарының поэтикалық туындыларын оқыды. Студенттер «Поэтикалық марафонға» белсене қатысып, Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Фариза Оңғарсынованың және басқа да ақындардың өлеңдері орындалды. Осы уақытта Мәжіліс залда «Мұзбалақ» студенттік клубы интеллектуалды ойын өткізді және соған белгілі блогер Абзал Досым шақырылды. Кештің қонақтарына «Кітапты табыңыз!» атты әдеби ойыны, «Жұлдызды сәт» викторинасы, «Озық ойлы оқырман» ақпараттық шоу, «Ақпарат+» цифрлік миксі кітапхана қызметкерлерімен дайындалды. Ұсынылған ойындардың қатысушылары классиктер мен қазіргі заманғы әдебиет шығармашылығын білу деңгейін, эрудицияны, жасампаздықты, қызығушылықты және шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. «ENU Reading club» атты әдеби клубы қонақтарға өздерінің қызметінің таныстырылымын өткізді.

Үшінші қабаттың коворкинг-зонасында Enactus-тың ReGoods  эко-бизнес жобасы бойынша шығармашылық кездесу өтті. ЕҰУ студенттері Enactus ұйымдастыруымен баннерлерді өңдеуге арналған әлеуметтік маңызды жобаға бірікті. Кездесуде олар әлемді тұтынушы ретінде емес, оны жасаушы ретінде қараудың қаншалықты маңызды екенін айтты. Өйткені, команданың қолмен жасаған жұмысы қаланы қажетсіз жарнамалық баннерлерден тазартып қана қоймай, қосымша пайда әкеледі. Команда мүшелері өз жобаларын тек бизнес ретінде ғана айтқысы келмейді, өйткені олар үшін бұл ең маңызды әлеуметтік жоба. Кездесудің екінші жартысында ReGoods мастер-класс өткізді, онда қатысушыларды баннерден әмиянды қалай жасауға болатынын үйретті.

Кешке қонақтарға шай мен кофе ұсынылды. Кештің соңында «Библиолотерея» ойнатылды. Кештің қонақтары барлық әдеби ойындарда белсенділік танытып, музыкалық аспаптар мен жеке әндерді орындау арқылы мерекелік кешті мазмұнды өткізді.