ПРОФЕССОР САҚ ҚАЙРАТ ӨМІРБАЙҰЛЫНЫҢ КІТАПХАНАҒА СЫЙЫ

Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Сақ Қайрат Өмірбайұлы ғылыми кітапханаға өзінің жеке кітапханасынан кітаптар сыйлады. Университеттің кітапхана қорын 130-дан астам аталым ғылыми, ғылыми-танымдық және көркем әдебиет кітаптарымен толықтырды.

Сыйға берілген кітаптар арасында ЕҰУ ғалымдары Т.С. Садықовтың, Р.А. Нұртазинның, Г.М. Шалахметовтың еңбектері бар. Бұл жинақтар оқытушылар мен студенттерге қызықты әрі пайдалы болады.

Кітапхананың қалың оқырмандары мен қызметкерлері атынан кітаптарды сыйға тартушыға алғысымызды білдіреміз. Бұл кітаптар оқырмандар сұранысына ие болады және кітапхана қорынан лайықты орын алады деп сенеміз.