СТУДЕНТТЕРДІҢ «ДҰРЫС ОҚУДЫ ҮЙРЕН!» АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ

Студенттердің оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ғылыми кітапхананың мүмкіндіктері мен ресурстары жайлы студенттерді ақпараттандыру мақсатында «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушылары И.П.Цымбал, А.А.Дүйсенгалиева және Б.Т.Дуйшоналиева Жаратылыстану ғылымдары факультеті және Көлік-энергетика факультеттерінің 1 курс студенттерімен «Оқу не үшін керек? Дұрыс оқуды үйрен» атты танымдық кездесу кітапхананың оқу залында өтті. Д.Е.Сағымбаеваның басшылығындағы Филология факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасы оқу әдебиеттерінің жаңаруына және университет кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Оқу үрдісінде «Шет тілі (кәсіби), «Кәсіби бағыттағы шет тілі», «Шет тілі» пәндері бойынша оқу әдістемелік кешенді құрастыру барысында қолданылатын үлкен кітапхана қоры бар. Оқытушыларды жаңа мәліметтермен таныстыру мақсатында жыл сайын Oxford University Press, Cambridge University Press, Macmillan, Pearson, Garnet, Collins ELT, Hachette, Hueber, Langenscheidt, Berlitz сияқты атақты баспалардың өкілдері болып табылатын Inter Press, Express Publishing оқулық жеткізуші компанияларымен кездесу ұйымдастырылады. Бағытталған пәндердің қажеттілігі жайлы кафедра оқытушылары өз қызығушылықтары мен ұсыныстарын білдіруде. Ғылыми кітапхананың шетел әдебиеттер абонементімен байланыс аясында кафедра «Шет тілі (кәсіби), «Кәсіби бағыттағы шет тілі», «Шет тілі» пәндері бойынша (http://emedia.enu.kz) сайтынан студенттердің өздік жұмысына аудио/видео материалдарын қолдануына көмектеседі. Осылайша, студенттер кез келген жерден (ғимараттан, жатақханадан, үйден) кітапхананың электрондық қорына еркін кіре алады.

«Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары кафедрамен тығыз байланыста қызмет ететін ғылыми кітапхананың қызметкерлері Нұрсұлу Мұрзахметова және Раушан Маханованы ерекше атап өтуде. «Шетел тілдері» кафедрасы кітапханамен үнемі түрлі тақырыпта іс-шаралар ұйымдастыруда. Студенттерге қызықты видеолар мен таныстырылымдар көрсетілді: Оқу не үшін керек? Қалай дұрыс оқу керек? Қызықты әдебиетті оқу керек пе, әлде қолдануға қажет әдебиетті оқу керек пе? секілді өзекті сұрақтар талқыланды. ТҚҰ-11 тобының студенттері аталмыш іс шараға сұхбат дайындады. Бұл сұхбатқа қатысушылар өздерінің оқу тәжірибелерімен, кеңестерімен бөлісті. Іс-шарада ақпараттық-библиография бөлімінің басшысы Аржанова Айжан кітапхана сайтының (http://kitap.enu.kz) мүмкіндіктері, кітапхана қызметі, электрондық деректер қорымен студенттерді таныстырды. Студенттердің көпшілігі кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктері жайлы естіп, қызығушылықтарын танытты. Кітапхана жетекшісі студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға ғылыми кітапхананың ақпарат кітапшасын таратты. XXI ғасыр ақпарат заманы болғандықтан, студенттерге арналған электрондық ресурстармен жұмыс жасау бойынша тренингтер өткізілсе деген ұсыныстар айтылды. Осындай іс-шаралардың өткізілуі студенттердің кәсіби тұрғыдан дамуына оң әсерін тигізеді.