ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ЕҰУ ОҚУ ҒИМАРАТТАРЫНДА ӨТКІЗГЕН «ФАКУЛЬТЕТ КҮНІ» ШАРАСЫ

Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Факультет күні» атты ақпараттық іс-шарасы университеттің оқу ғимараттарында ағымдағы жылдың 22 қазанынан басталды. Оқытушылар мен білім алушыларды қорға түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында әр мамандық бойынша кітап көрмелері ұйымдастырылды, кафедралардың тапсырыстарының орындалуы туралы, студенттердің кітаппен қамтылуы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлемдік электрондық ресурстарды қолданудың тиімді жолдары мен қашықтықтан қолжетімділігі туралы топтық және жеке ақпараттар берілді. Бұл шара білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. 2018-2019 оқу жылында кітапхана 14 дерекқор мен электронды кітапханалық жүйелерге, сондай-ақ «Лань» ЭКЖ, «Университетская библиотека онлайн», IPRbooks, Znanium.com, EastView, EBSCO, Scopus, Web of Science және басқа да наукометриялық дерекқорларына қолжеткізді. Пәндік кітапханашылар оқытушылармен оқу пәндерін кітаптармен қамтасыз ету, цифрлы басылымдармен қамсыздандыру және қорды оқу әдебиеттерінің баспалық және электронды түрде толықтыру мәселелерін талқылады. Іс-шара барысында кітапхана ресурстары мен қызметтерінің сапасы туралы оқытушылар, докторанттар мен магистранттардың пікірін зерттеу және пайдаланушылар үшін кітапханалық ақпараттық қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар жинау мақсатында сауалнама жүргізілді. «Факультет күні» филология, экономика, сәулет-құрылыс және халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері арасында өз жұмысын бастап кетті. «Факультет күні» университеттің басқа оқу ғимараттарында 30 қазанға дейін басқа факультеттермен жалғасады. Кітапхана іс-шараға белсене қатысқан оқытушылар, докторанттар мен магистранттарға алғысын білдіреді.