«ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» СЕМИНАР-КЕҢЕСІ

Ағымдағы жылдың 23 қазанында ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасында Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті ұйымдастырған «Жастар жылы қарсаңында: тәжірибе және ұсыныстар» атты семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялаған 05.10.2018 ж. «Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстың тұрақты өсуі мен өмір сапасына байланысты» Жолдауына арналды.

Семинарға Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі ЕҰУ проректоры Д.Қамзабекұлы, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есин Д.Н., тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар мен жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары қатысты: С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, «Астана» медицина университеті, М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ, Еуразия гуманитарлық институты, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, «Тұран-Астана» университеті.

Халықаралық қатынастар факультетінің оқу-тәрбие істері бойынша декан орынбасары Косыбаев М.М. мемлекет саясатының басымды бағыты болуға тиіс жастар мен отбасы институтын жан-жақты қолдаудың негізгі бағыттары туралы баяндап берді.

Семинар-кеңесте кең қолдау алған және қоғамды жаңғырту үдерісіне қуатты серпін берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ерекше назар аударылды. Қатысушылар бұл бастаманы жалғастырып қана қоймай, даму бағытына жаңа идеялардың қажеттігіне тоқталды. Белсенді пікірталас мемлекет пен қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші жастарды қолдаудың кең платформасын құруы туралы болды.

Кеңестен кейін барлық қатысушылар кофеге шақырылды, онда олар семинарда айтылған жаңа идеяларды өзара талқылап, естелік суреттерге түсті.