«ЦИФРЛЫҚ КІТАПХАНА: 24/7 ФОРМАТЫНДА»

2018 жылдың 17 қазанында ЕҰУ ғылыми кітапханасында №3 ректорат мәжілісі өткізілді. Мәжіліс қатысушылардың кітапхана бойынша экскурсиясымен және таңғы кофемен басталды. Экскурсия барысында қатысушыларға коворкинг-зона мен электронды залдың жаңартылған дизайны көрсетіліп, «Цифрландыру – білім берудің даңғыл жолы» кітап көрмесі мен «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының Бозтай З.Б., Юлдашева Н.А., Амиргазин Е.К. аға оқытушылары мен Андабаева Г.Т. оқытушысының жетекшілігімен салынған сәулет-құрылыс факультеті студенттерінің көркемдік және графикалық жұмыстары көрсетілді.

Кітапхана қызметкерлері электронды кітапхана жүейсі құралдарының білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері, электронды ақпарат ресурстарымен таныстырды. Кітапхана директоры жаһандық ақпараттық инфрақұрылымда цифрландыру үлесінің ұлғаюы әсерінен кітапхананың ішкі жүйелерінің цифрлы ортада өзгеру үрдісімен қатысушыларды таныстырды (кітап қоры, қолдануышлар контингенті, кітапхана қызметкерлері, материалдық-техникалық база). Мәжілісте көрсетілген кітапхананың ресурстары мен қызметі Еуразия ұлттық университеті өміріндегі кітапханана қызметінің маңызды рөлін көрсетеді.

Мәжіліс электронды залда қатысушыларды марапаттаумен мен жоғары білім беруді интернационалдандыру және сол мәселелерді шешуді талқылаумен жалғасты.