«КІТАПХАНАШЫҒА СҰРАҚ» АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУІ

2018 жылдың 1-8 қазаны аралығында ЕҰУ студенттік үйлерінде ғылыми кітапхананың ресурстары мен қызметтерімен таныстыру бойынша ақпараттық кездесулер өткізілді. Студенттер оқуға арналған электрондық дерекқорлармен танысып, кітапхананың сайты бойынша толық ақпарат алуға мүмкіндік алды. Кездесуде кітапхананың құрылымы, пайдалану ережелері және қызметтері таныстырылды. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасының таныстырылымы көрсетілді. Кітапхана қабырғасында орналасқан «American Corner and Maker Space Astana» қызметтері студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды. Бұл орталықта өтетін ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіру бойынша шараларға студенттер қызығып, Maker Space шеберханасының ресурстарымен танысты. Таныстырылымның аяғында студенттер қойылған сұрақтарға жауап алып, барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер, кітапхана бойынша жолсілтемелер таратылды. Іс-шара соңында шараға қатысқан бірінші курс студенттеріне электронды ресурстар бойынша топтық және жеке консультацияларды беру бойынша шешім қабылданды.