Л.Н. ГУМИЛЕВ – ӘЛЕМІ

Ағымдағы жылдың 4 қазанында ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен  ЕҰУ аумағындағы Л.Н. Гумилев ескерткіші алдында «Гумилев әлемі» атты танымдық сағаты өтті.

Мақсаты әлемге танымал түркітанушы — ғалым, көрнекті тарихшы, ақын Л.Н.Гумилев  мұрасын оқырман қауымға таныстыру болатын. Мәдени шараның өтуіне журналистика және саясаттану факультетінің ҚЖ-11 және физика-техника факультетінің ЯФ-11топтарының студенттері белсене қатысып атсалысты. Шараға қатысушылар ғалымның өмірі мен еңбек жолына тоқтала отырып, өздеріне ұнаған ақын өлеңдерін шабыттана оқыды. Сонымен бірге ақын шығармашылығына арналған викториналық ойынға қатысып, сұрақтарға  жауап берді. Шара соңында студенттер ғалымның ескерткішіне гүлшоқтар қойып, естелік суретке түсті.