2018 жылдың 22-23 қаңтар аралығында ғылыми кітапхананың мамандары медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша білім мен дағды алуға мүмкіндік алды. Бұл «БАҚ-та плюрализм мен бейтараптықты дамыту және Орталық Азия аудиториялары арасында медиа-сауаттылықты дамыту» жобасының шеңберінде «Медиа және ақпараттық сауаттылық» семинар-тренингіне қатысуымен байланысты өткізілді. Оқыту бағдарламасы Назарбаев Университеті кітапханасының базасында Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі мен ҚР ЖОО кітапханаларының Қауымдастығы қолдауымен жүргізілді. Семинар тренинг әріптестері MediaNet халықаралық журналистика орталығы және IREX Europe. Бағдарлама тренерлары: философия ғылымдарының кандидаты, доцент, IREX Europe-тың медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренері Гүлнар Асанбаева және factcheck.kz жобасының тренері Алена Кошкина болды. Айта кететін жайт, Назарбаев Университетінің кітапханасы Кітапхана технологиялары мектебі аясында, Қазақстан аймақтарының кітапханалары қызметкерлері үшін тұрақты негізде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді және бұл семинар-тренинг тәжірибе таратудың бір үлгісі болып табылады.
Семинар-тренингке қатысу арқылы ЖОО кітапханашылары білім беру кітапханасы қызметінің маңызды бағыттарының бірі медиа ақпарат бойынша сауаттылығын арттырып, университеттік қоғамдастықта оны насихаттаудың формалары мен әдістерін меңгеріп алды. Одан басқа БАҚ-тың ақпараттарын талдау және интернет қауіпсіздік туралы білім алды. Семинар соңында әр қатысушы сертификатпен марапатталды.