«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАСЫ: БАСҚАРУ, РЕСУРСТАР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТҮРЛЕРІ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

2017 жылдың 4-8 желтоқсан аралығында Назарбаев Университеті кітапханасының базасында «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: басқару, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсетудің түрлері» атты тақырыпта ғылыми кітапхананың мамандары үшін семинар-тренинг өтті. Кітапханалық технологиялар мектебінің мақсаты жоғары білім берудің инновациялық даму жағдайында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханаларының басшылары мен мамандарының көшбасшылық және кәсіби құзыреттерін жетілдіру және одан әрі дамыту болды. Қатысушыларға Назарбаев Университетінің студенттер ісі мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті, «Білім беру көшбасшылығы орталығының» директоры К.Н.Найырова құттықтау сөз сөйледі. Семинар-тренинг бағдарламасы бес блоктан тұрды: «ЖОО кітапханасының менеджменті», «Университеттің оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулеріне арналған кітапхананың ресурстары мен қызметтері», «Университеттің оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулеріне арналған кітапхананың ресурстары мен қызметтері», «Ашық репозиторийлер. Кітапхананың рөлі. Каталогтың қазіргі заманғы үдерістері» және «Қорытынды». Оқудың нәтижесінде университет кітапханаларының мамандары университет репозиториясын құру, университет кітапханасының менеджменті, кітапхана жұмысының тиімділігінің көрсеткіші, электронды ресурстарын басқару, ОПҚ мақалаларын жариялау қызметін арттыруда кітапхананың рөлі бойынша өздерінің білімдері мен дағдыларын кеңейтті. Қатысушылар сонымен қатар ағылшын, қытай тілінде және EBSCO Discovery Service құралында қамтылған жаңа электронды ресурс CNKI (China National Knowledge Infrastructure) деректер қорымен танысуға мүмкіндік алды. Семинардың соңында тестілеу өткізілді және сертификаттар берілді.