14 ақпан күні Ғылыми кітапханада IPRbooks электрондық ресурсы бойынша тренинг-семинар өтті. Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы және кітапхана қызметкерлері белсенді қатысты. ЭБС IPR books директоры Иванов С.Г. деректер қорын оқу процесінде пайдалану мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар әртүрлі салалар бойынша кітаптарды, журналдар мен оқулықтарды іздеудің жолдарын, кітаптар бойынша конспект құру сияқты мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұл электрондық-кітапханалық жүйеге өз жұмыстарын енгізе алу мүмкіндігі (сонымен қатар басылымға шықпағандар) оқытушыларды қызықтырды. Семинар соңында IPRbooks деректер қоры бойынша қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді, қатысушыларға сертификаттар берілді.