ЖЫЛ КІТАБЫ – ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ «ӨСИЕТНАМА» КІТАБЫН ТАЛҚЫЛАУ

 Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел — бір кітап» 2016  республикалық акциясы аясында, жыл кітабы болып Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы таңдалды.

    Дулат Бабатайұлы —  ХІХ ғасырдың басында қазақ поэзиясына жаңа қалып, соны мазмұн әкелген жаңашыл әрі өткір тілді ақын. Туындыларының басты тақырыбы – отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсетіп, батырлықты, елдікті, адамгершілікті дәріптеу.

    2016 жылдың  23-қарашасында ғылыми кітапхананың филология оқу залында   «Ақылы – асыл, аты — аңыз» атты әдеби-поэтикалық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының өміршеңдігін, маңыздылығын  жас ұрпаққа насихаттау. Сонымен қатар, оның толғаулары арқылы шынайылыққа, шыншылдыққа ұлттық және патриоттық сезімге баулу.

       Кездесуге Еуразия ұлттық университетінің  профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Негимов қатысып, оқырмандарға ақынның өмір жолын баяндай отырып, өлеңдерінің ерекшелігін атап өтті.

      Шара барысында ақын шығармалары туралы пікірлер айтылып, оның өлеңдері,  ән-күйлері орындалды. Сонымен қатар «Заманның зарын жырлаған Дулат ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның туындылары жарық көрген кітаптар мен ғылыми-зерттеу мақалалары қойылды.

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығы  аясында, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған шара өз мәресінде өткізілді. Өзі өлседе, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығының жас ұрпаққа үлгі-өнеге қалдырары сөзсіз.