Сұрақ-жауап

ЕҰУ электронды кітапханасының мекен-жайы қандай?

https://library.enu.kz/MegaPro/Web

ЕҰУ-нің электронды кітапханасына қалай қосылуға болады?

Университеттің «Электрондық кітапханасына» Ғылыми кітапхананың веб-сайты арқылы https://old-lib.enu.kz/ «Электронды каталог» қосымша бетін таңдап қосыла аласыз.

ЕҰУ үшін қандай толықмәтінді деректер қоры қолжетімді?

Толықмәтінді деректер қоры тізімін Ғылыми кітапхана сайтында https://old-lib.enu.kz/ «Электронды ресурстар» қосымшасын таңдау арқылы көруге болады.

ЕҰУ-дің ғалымдарының мақалалары мен кітаптарының толық мәтіндерін қайдан алуға болады?

Толық мәтінді Ғылыми кітапхананың https://old-lib.enu.kz/ сайтында «Электронды каталог» ->
— «ЕҰУ ОПҚ еңбектері» -> ЕҰУ ОПҚ мақалалары
— «Кітаптар каталогы» -> ЕҰУ ОПҚ кітаптары бөлімінен таңдау арқылы аласыз.
• «Электронды кітапханаға» тіркелу міндетті

Кітапханадан алынған кітаптардың мерзімін қалай ұзартуға болады?

Кітаптардың мерзімін ұзарту үшін жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, ЖСН) оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне жіберуіңіз керек:

телефон нөмірі: 709-500 (іш. 36-103)

Жоғалған кітапты қалай өтеуге болады?

Кітапхана кітабы жоғалған немесе бүлінген жағдайда соңғы екі-үш жыл ішінде жарыққа шыққан, мазмұны, тілі мен бет саны тең басылыммен орнын толтыру қажет. Орнына қабылданатын басылым жоғары оқу орнына арналған болуы керек.

Кету парағына қалай қол қойдыртуға болады?

Кету парағын өтушілер Платонустағы жеке кабинетіне кіру арқылы «Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына» кету қағазына электронды өтінім қалдыра алады. Ғылыми кітапхана қызметкерлері түскен өтінімге сай оқырман қолындағы кітап санын тексеріп, кету парағына «келісілді, келісілмеді» деген белгі қояды. Кітап тапсырылмаған болса, саны көрсетіліп ескерту қалдырылады.

ЕҰУ-дің Электронды кітапханасына электронды оқулықты қалай орналастыруға болады?

Электронды оқулықтарды орналастыру үшін құрастырушы авторлар мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің әзірлеушілері PDF форматындағы толықмәтінді файлдарды кітапхананың бас маманы Найманбаева Құндыз Балғабайқызына электронды пошта арқылы жібере алады kundiz88@mail.ru

Әдебиеттерге (кітап, журнал, газет, электронды басылым) «тапсырысты» қалай беруге болады?

Кітапхана қорына баспа басылымдарын алу үшін форманы толтыру қажет, қосымша сұрақтар бойынша қорды толықтыру бөлімінің басшысы Ахметова Айгуль Амангельдіқызының эл.поштасына aigul.22.73@mail.ru жіберуге болады. Байланыс телефоны 709-500 (іш.36-106).
Электронды басылымдар алу үшін форманы толтыру қажет, қосымша сұрақтар бойынша бөлім басшысы Айтуарова Айнагүл Жанболатқызының эл.поштасына aituarova_ad@enu.kz жіберуге болады немесе 709-500 (іш.36-106)

Жазылған мерзімді басылымдар (газеттер мен журналдар) туралы ақпаратты қайдан табуға болады?

Жазылған мерзімді басылымдар (газеттер мен журналдар) туралы ақпаратты Ғылыми кітапхананың https://old-lib.enu.kz/ сайтында «Электронды каталог» ->
— «Мерзімді басылымдар» ДҚ -> бөлімінен таңдау арқылы таба аласыз.
• «Электронды кітапханаға» тіркелу міндетті
Толық тізіммен сілтеме арқылы танысуға болады, қосымша сұрақтар бойынша Калкузова Айгүл Абибулаевнаның aigulkalkuzova@mail.ru эл.поштасына, 709-500 (іш. 32-408) телефонына хабарласыңыз.

ӘОЖ индексін қалай алуға болады?

ӘОЖ/ ББК индекстерін алу үшін автор форманы толтыру қажет, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің бас маманы Қыдырбаева Гаухар Бәкірқызының gauhar.kydyrbaeva@mail.ru. электронды поштасына, 709-500 (іш. 32-410) нөміріне немесе yermaganova_mz@enu.kz Ермаганова М.З. тел. 709-500 (іш. 36-303).телефонына тапсырысты жіберу керек.