Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және сақтау бөлімі кітапханалық үдерістерді автоматтандырудың замануи технологияларын енгізу, қолдау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Бөлімнің негізгі бағыттары:
1. Оқырмандардың ақпараттық сұраныстары бойынша сапалы және жылдам қызмет көрсету, сұраныс көрсеткіштерін бақылау;
2. Электрондық басылымдардың сақталуын қамтамасыз ету;
3. Электрондық кітапхананы қолданушыларға жеке және топтық кеңестер беру;
4. Электрондық ресурстар (ЭБС, БД) бойынша сабақтар, тренингтер өткізу;
5. Кітапхананың электрондық ресурстары мен деректер базасына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ету;
6. Кітапханалық үдерістерге қажетті бағдарламалармен қамтамасыз ету, бақылау және қолдау;
7. APM және сымсыз желілер арқылы Интернет-ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
8. Кітапхананың веб-сайтын жүргізу;
9. «Медиатека» деректер базасын толықтыру;
10. «Электронды кітапхана» сандық контентін құру.
Бөлім бастығы: Мустафина Татьяна Станиславовна
Байланыс: +7 (7172) 70-95-00 (іш.36-305), ауд.304 (Пушкин,11)
e-mail: mustafina_ts@enu.kz
Жұмыс уақыты:
- Дүйсенбі-жұма: 9.00 – 20.00
- Сенбі: 9.00 – 17.00
- Жексенбі: демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні.