Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Диссертация коры

Диссертация қоры оқу-зертханалық ғимаратының 4-ші қабатында орналасқан (403 каб.). Қорда әртүрлі тақырыпты қамтитын 900-ге жуық кандидаттық және докторлық диссертациялар мен 9000-нан астам авторефераттар, университетте өткен ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының ауқымды жинағы қамтылған. Сонымен қатар университет ғалымдары мен оқытушыларының еңбектері жинақталған. Кітапхананың электронды каталогының «Кітаптар» ДБ-нан авторефераттар мен диссертацияларды автор-тақырып-кілттік сөз арқылы іздеуге болады. Диссертация қоры жабық қор болғандықтан диссертациялар мен авторефераттарды қарау оқырмандарға жеке куәлігі арқылы оқу залында ғана қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма: 09.00-20.00. Сенбі 17.00 дейін (412 каб.).

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Байланыс: Жолдасбекова Забира Шымыртайқызы, ақпараттық-библиография бөлімінің басшысы

Тел: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 32-408)

 

Мерзімді басылымдар оқу залы

Мерзімді басылымдар оқу залы оқу-зертханалық ғимаратының 4-ші қабатында орналасқан (402 каб.). Мұнда қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдармен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы және реферативтік журналдарға ашық қолжетімді. Қордағы газеттердің сақталу мерзімі – соңғы 5 жыл, журналдар – соңғы 10 жыл.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындап, кеңестер береді. Сонымен қатар ғылыми мақалалар мен еңбектердің жарияланымына УДК, ББК индекстері беріледі.  Оқырмандарға жеке куәлігі арқылы қызмет көрсетіледі.

Байланыс: Қыдырбаева Гаукар Бакировна, бас маман

Тел:+7 (7172) 70-95-00 (ішкі 32-410)

 

Электрондық  ресурстар залы

Электронды ресурстар залы – Оқу-зертхана ғимаратынының 4 қабатында орналасқан (412 каб.). Оқу залы 38 компьютер және 24 планшетпен жабдықталған, оқырмандар үшін электрондық каталог пен әлемдік деректер қорына қол жетімді. Сонымен бірге анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсете отырып, пайдалаушыларға ақпараттық дәрістер, тренингтер, консултатциялар жүргізіледі. Зал қызметкерлері университет ғалымдарының жарияланған ғылыми мақалалары мен еңбектерін жинақтап, оларды жүйелеп, іріктеп «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» және «ЕҰУ баспасөз беттерінде» деп аталатын толық мәтінді деректер базасына енгізеді. Университет ғалымдары мен оқытушыларының еңбектерін, сондай-ақ жаңа түскен басылымдардан хабарлар ету мақсатында Ақпарат күндері, Кафедра күндері, кітап көрмелері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқырмандардың тақырыптық сұраныстары бойынша жазбаша, ауызша ақпарат береді. Оқырмандарға жеке куәлігі арқылы қызмет көрсетіледі.

Байланыс: Калкузова Айгүл Абибулаевна, бас маман

Тел:+7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 32-406)