«Қазақстанның жоғары мектебі» журналы ғылыми кітапханада

Ғылыми кітапхананың мерзімді басылымдар оқу залынан «Қазақстанның жоғары мектебі» атты ғылыми-сараптамалық журналымен таныса аласыздар. Журнал қазақ, орыс және  ағылшын тілдерінде шығарылған. Журналда Қазақстанның білім беру саласының өзекті мәселелері,  Болон процесі бойынша ақпараттар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз ету, Толық оқу …

«ДӘУІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл

Оқырмандар назарына! Қазақтың заңғар жазушысы, Абайтану ғылымының негізін салған, Абайды әлемге алғаш танытқан жазушы-академик – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің (1897-1961) туғанына 125 жыл толуына орай ғылыми кітапханада «Дәуірдің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге сирек кітаптар қорынан М.Әуезовтің көркем шығармалары, Толық оқу …

Сапалы білімнің сенімді тірегі — кітапхана

Жаңа оқу жылынан бастап университеттің ғылыми кітапханасында 1- курс студенттеріне арнайы ақпараттық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында студенттерге кітапхананың құрылымы, жұмыс уақыты, ресурстары мен кітап қоры, оны пайдалану ережесі  түсіндірілді.     Арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық қолдау Толық оқу …

«Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы»

Ағымдағы жылдың 5-қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150- жылдығына орай «Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғылыми кітапхана қорындағы «Тіл құралы» (1925), «Әліп-би» (1926), Толық оқу …

Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға Түсіндірме

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – Проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев өзінің ұжымдық авторлығымен жарыққа шыққан «Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға Түсіндірме» атты басылымын ғылыми кітапхана Толық оқу …

«Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы»

Абай күніне орай 10 тамыз күні ЕҰУ Ғылыми кітапханасы «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» атты тағлымды іс-шара өткізді. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаменті ЖҚАЖ (Жедел қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жазушы, әдебиеттанушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі,  ф.ғ.к. Толық оқу …

Құрметті оқырмандар!

10 тамыз- Абай күніне орай «Абай мұрасы — қазақтың ұлттық қазынасы» атты тақырыпта жазушы, әдебиеттанушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Иманғазы Нұрахметұлымен кездесу өтеді. Уақыты: 10 тамыз, 2022 ж. сағат 15:00 Өтетін орны: Пушкин көшесі, 11, ЕҰУ Ғылыми кітапханасы, 2 қабат Толық оқу …

Ғылыми кітапхананың қоры «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті» атты құнды атлас кітабымен толықты. Кітапты сыйға тартқан университетіміздің ғалымы, «Заманауи зерттеулер институтының» директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі. Автор Толық оқу …

Жүрегіне қаламын сүйеген ғалым

2022 жылы 27  мамырда  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Көне түркі руна жазбаларының табылуының 300 жылдығына және ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркі жазба ескерткіштері: тілі, тарихы және мәдениеті»  атты Толық оқу …