ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

«Лань» электрондық кітапхана жүйесі сізге  «Лань» баспасынан шыққан кітаптарды өз кабинетіңізде жеке пайдалануға мүмкіндік  береді.  Электрондық ктіапхана жүйесінде пайдаланушының статусы анықталады.    Таңдалған басылымдардың қолжетімділігі  университеттің жазылу мерзімінің соңына дейін жеке кабинетіңізде тегін ұсынылады.

«ХАТТАР СЫР ШЕРТЕДІ» КӨРМЕСІ

Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі қазақстандық көрнекті жазушылардың, ғалымдар мен зерттеушілердің шетел ғалымдарымен жазысқан хаттарының көрмесін ұсынады. Өтетін орны: Ғылыми кітапхана бас ғимаратының 2-қабатындағы фойе. Өтетін  уақыты: Ағымдағы жылдың 12-26 қарашасы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Л. Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы университеттің   оқу-білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісін ақпараттық қолдау мақсатында 2018 жылдың 22-30 қазан аралығында Факультет күндерін өткізеді. Факультет күндерінің бағдарламасы: Ғылыми кітапхананың ресурстары мен қызметтерін таныстыру Жаңа түскен оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми басылымдар және Толық оқу …

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

 Ғылыми кітапхана сізге «ZNANIUM.COM» электронды-кітапхана жүйесіне (ЭКЖ) қолжетімділікті ұсынады.  Электронды-кітапхана жүйесі бірыңғай виртуалды кеңістікте қолжетімді оқулық пен оқу құралдары,  монографиялар мен мақалалар, диссертациялар мен авторефераттар, ғылыми жұмыстардың жинақтары, энциклопедиялар, анықтамалықтар, заңды-нормативті құжаттар, барлық білім салалары бойынша ғылыми мерзімді басылымдарды қамтиды. Толық оқу …

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы ресурстары мен қызметтерін таныстыру мақсатында 2018 жылдың 1-8 қазаны аралығында (19.00-ден 20.00-ге дейін) университеттің студенттер үйінде «Кітапханашыға сұрақ» атты ақпараттық апталық өткізеді. Бағдарламада: кітапхананың қызметтерін таныстыру, электрондық деректер қорының презентациясы, «American Corner and Maker Space Astana» орталығының ресурстарымен таныстыру, сұрақ-жауап. Толық оқу …

«ӘДЕБИЕТ-АРДЫҢ ІСІ» АТТЫ ЖАС АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Құрметті оқырмандар! Сіздерді 20-қыркүйек күні сағат 16.00-де Ғылыми кітапхананың «Көркем әдебиет абонементінде» өтетін «Әдебиет-ардың ісі» атты бір топ жас ақын-жазушыларымен кездесуге шақырамыз! Егер сіз әдебиет жанашыры немесе поэзия мен прозаның біріне қалам тербеп жүрген жас болсаңыз, біз сізді осы кеште күтеміз! Алдын-ала Толық оқу …

ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАР

Қымбатты оқырман, 2018 жылдың 8 қыркүйегінен бастап, Press Reader  деректер қорына қолжетімділік тоқтатылады. Ресурсқа қолжетімділік Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасының базасында орналасқан «American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық-ресурстық орталығы арқылы қамтамасыз етіледі. (307 каб.)

АҚПАРАТ КҮНІ

Жаңа түскен басылымдармен таныстыру «Ақпарат күні» Көрме – Ғылыми кітапхананың қорына түскен жаңа басылымдарымен танысу. Өтетін орны: Диссертация залы (ОЗҒ – 403 кабинет) Мерзімді басылымдар оқу залы (ОЗҒ – 412 кабинет)