Ғылыми кітапхана қызметкерлері үшін «Гребенников» баспа үйінің семинары

2022 жылдың 3 қазанында Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Гребенников» баспа үйінің бас директоры Аркадий Халюков өткізген оқыту семинары өтті. Маман қазіргі заманғы электрондық ақпараттық жүйелер нарығының негізгі мәселелері туралы ойларымен бөлісті, Grebennikon электрондық кітапханасы туралы егжей-тегжейлі Толық оқу …

Тағылымды кездесу

Жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Ғылыми кітапханада қазақ әдебиеті кафедрасы, қазақ тіл білімі кафедрасы және кітапхана қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастырумен ф.ғ.д., профессор, әуезовтанушы Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтті. Кездесуге «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының қызметкерлері Еркінжан Толық оқу …

Сапалы білімнің сенімді тірегі — кітапхана

Жаңа оқу жылынан бастап университеттің ғылыми кітапханасында 1- курс студенттеріне арнайы ақпараттық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында студенттерге кітапхананың құрылымы, жұмыс уақыты, ресурстары мен кітап қоры, оны пайдалану ережесі  түсіндірілді.     Арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық қолдау Толық оқу …

«Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы»

Ағымдағы жылдың 5-қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150- жылдығына орай «Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғылыми кітапхана қорындағы «Тіл құралы» (1925), «Әліп-би» (1926), Толық оқу …

Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға Түсіндірме

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – Проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев өзінің ұжымдық авторлығымен жарыққа шыққан «Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға Түсіндірме» атты басылымын ғылыми кітапхана Толық оқу …

«Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы»

Абай күніне орай 10 тамыз күні ЕҰУ Ғылыми кітапханасы «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» атты тағлымды іс-шара өткізді. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаменті ЖҚАЖ (Жедел қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жазушы, әдебиеттанушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі,  ф.ғ.к. Толық оқу …

Ғылыми кітапхананың қоры «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті» атты құнды атлас кітабымен толықты. Кітапты сыйға тартқан университетіміздің ғалымы, «Заманауи зерттеулер институтының» директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі. Автор Толық оқу …

Жүрегіне қаламын сүйеген ғалым

2022 жылы 27  мамырда  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Көне түркі руна жазбаларының табылуының 300 жылдығына және ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркі жазба ескерткіштері: тілі, тарихы және мәдениеті»  атты Толық оқу …

Мырзатай Жолдасбеков және мәдени мұра

24 мамыр күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбековтің 85 жас мерейтойы қарсаңында Түркітану кафедрасы және Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Мырзатай Жолдасбеков және мәдени мұра» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосыбаев Мирас құттықтау сөзімен Толық оқу …

Тарлан түрколог, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы

19 мамыр Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, түркітанушы ғалым, түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология  ғылымдарының  докторы, Халықаралық Шыңғыс  хан академиясының академигі Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жылдығына арналған «Ежелгі және орта ғасырдағы Түркілердің этномәдени сабақтастығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Толық оқу …