ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ

2017 жылдың 28-30 қарашасы аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының мамандары «Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі университет кітапханасы» атты II халықаралық конференцияға қатысты. Конференция Қазан федералды университетінің Н.И.Лобачевский атындағы ғылыми кітапханасының базасында өтті (Қазан қ., Ресей). Іс-шара ұлы математиктың туғанына 225 Толық оқу …

«КЕШЕ ҒАНА МЕН ДЕ ШӘКІРТ БОЛЫП ЕМ…» КЕЗДЕСУ КЕШІ

2016 жылдың 25 қарашасында ғылыми кітапханада ерекше кеш өткізілді. Университеттің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған «Кеше ғана мен де шәкірт болып ем…» атты кездесу кешіне осы университетте әр жылдары оқыған, жемісті еңбек етіп келе жатқан оқытушылар шақырылды. Ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырған Толық оқу …

EBSCO КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

2017 жылдың 22 қарашасында ғылыми кітапханада EBSCO компаниясының ақпараттық ресурстары бойынша презентация өтті (https://www.ebsco.com). EBSCO компаниясының Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға бойынша аймақтық өкілі Iryna Krejcarova Астана, Көкшетау және Ақтөбе жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандарына EBSCO дерек қорларының ішіндегі «Academic Толық оқу …

«УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ ОНЛАЙН» ЭКЖ СЕМИНАРЫ

2017 жылдың 20 қарашасында ғылыми кітапханада «Қазақстан Республикасының электрондық білім беру ортасы үшін Ресейдің ЭКЖ-сі» халықаралық семинары өтті. «Директ-Медиа» компаниясы «Университет кітапханасы онлайн» электронды-кітапханалық жүйесін таныстырды. Компанияның жетекші мамандары О.В. Молодецкий және А.В. Севастьянов өздерінің презентацияларында XXI ғасырдың білім беру Толық оқу …

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАДАҒЫ ФАКУЛЬТЕТ КҮНІ

Оқу, білім және ғылыми-зерттеу үдерістерін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру, сондай-ақ кафедралармен қарым-қатынасты нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 23 қазанынан 9 қарашасы аралығында ғылыми кітапханада «Ғылыми кітапханадағы Факультет күні» ақпараттық-кеңес беру бағдарламасы табысты өтті. Жұмыс күні ішінде бекітілген кестеге сәйкес 13 факультеттің Толық оқу …

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» АКЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ РОМАНЫН ТАЛҚЫЛАУ

2017 жылдың 17 қарашасында ғылыми кітапхананың филология оқу залында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» кітабы талқыланды. Талқылау екі топқа бөлінген қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттерінің арасындағы пікір-сайысы ретінде өтті. Шарада студенттер ақынның өмірі Толық оқу …

БУЛАТ МЕКЕБАЕВАТЫҢ «ДОЛГАЯ ДОРОГА К ВСТРЕЧЕ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2017 жылдың 25 қазанында ғылыми кітапхананың мерзімді басылымдар оқу залында Еуропадағы танымал суретші және әдебиетші, Көкшетау қаласында дүниеге келген Булат Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап Булат Мекебаевтың Қазақстанда жарық көрген алғашқы басылымы. Кітапта «От Толық оқу …

«ЭКЖ «ЛАНЬ»: МҰҒАЛІМДЕР МЕН КІТАПХАНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТТЕР» СЕМИНАРЫ

2017 жылдың 10 қазаны күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасында «ЛАНЬ» ЭКЖ баспасының семинары өтті. Семинарды «ЛАНЬ» баспасының бас директоры Никифоров Александр Владимирович өткізді. Семинарда «ЛАНЬ» ЭКЖ-ның жаңа технологиялары кітапхана мен университет оқытушылары қызметіндегі қолдану мүмкіншіліктері көрсетілді. Семинар барысында ол жалпы ақпарат беріп, Толық оқу …

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН «АЛАШ ОРДА» ҮКІМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2017 жылдың 29 қыркүйегі күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметі: бастауы, қызметінің негізгі кезеңдері және Отан тарихындағы орны»Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция«Алаш» жалпыұлттық партиясы және «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл және Толық оқу …

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ (НАУАН ХАЗІРЕТ, МОМАҚАН ӘЛИЕВ)» МОНОГРАФИЯЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2017 жылдың 12 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында Әділбек Бекболаттың «Қазақстандағы  ислам мәдениеті: Момақан Әлиев мұрасы» және  Берікбол Жанақовтың «Қазақстандағы ислам мәдениеті: Наурыз-Мұхаммед Таласұлының мұрасы» атты монографияларының тұсаукесері өтті. Монографияларда Момақан Әлиев пен Науан Хазіреттің өмірі Толық оқу …