АҚПАРАТ АПТАЛЫҒЫ

Ағымдағы жылдың 12-16 қарашасы аралығында ғылыми кітапхана Ақпараттық Технологиялар Факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін Ақпарат Апталығын өткізеді. Бағдарламада: Факультеттің мамандықтарына арналған жаңа түсімдердің көрмесі мен электрондық ресурстар бойынша кеңестер. Өтетін орны мен уақыты: ОЗҒ, 4 қабат, Мерзімді басылымдар оқу залы (412 каб.).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

«Лань» электрондық кітапхана жүйесі сізге  «Лань» баспасынан шыққан кітаптарды өз кабинетіңізде жеке пайдалануға мүмкіндік  береді.  Электрондық ктіапхана жүйесінде пайдаланушының статусы анықталады.    Таңдалған басылымдардың қолжетімділігі  университеттің жазылу мерзімінің соңына дейін жеке кабинетіңізде тегін ұсынылады.

«ХАТТАР СЫР ШЕРТЕДІ» КӨРМЕСІ

Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі қазақстандық көрнекті жазушылардың, ғалымдар мен зерттеушілердің шетел ғалымдарымен жазысқан хаттарының көрмесін ұсынады. Өтетін орны: Ғылыми кітапхана бас ғимаратының 2-қабатындағы фойе. Өтетін  уақыты: Ағымдағы жылдың 12-26 қарашасы.

ИНФРА-М БАСПАСЫ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ СЕМИНАРЫ

Ағымдағы жылдың 7-қарашасында ғылыми кітапханада ИНФРА-М баспасы компанияларының өкілдері семинар өткізді. Семинар барысында оқытушылар мен кітапханашылар «Znanium.com» электронды кітапханалар жүйесімен, Discovery және Энциклопедия модульдерінің мүмкіндіктерімен танысты. Анықтама: «Инфра-М» компаниясы ғылыми және анықтамалық басылымдарды шығарумен қатар, 11 баспаны біріктіретін ірі холдинг. Толық оқу …

«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ «ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ» КІТАБЫНЫҢ АУДАРМАШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 30-шы қазанында ғылыми кітапханада Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессор-оқытушы құрамының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарыққа шыққан Дэвид Майерс пен Жан Туендждің «Әлеуметтік психология» оқулығының таныстырылымы бойынша семинар өткізілді. Толық оқу …

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ЕҰУ ОҚУ ҒИМАРАТТАРЫНДА ӨТКІЗГЕН «ФАКУЛЬТЕТ КҮНІ» ШАРАСЫ

Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Факультет күні» атты ақпараттық іс-шарасы университеттің оқу ғимараттарында ағымдағы жылдың 22 қазанынан басталды. Оқытушылар мен білім алушыларды қорға түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында әр мамандық бойынша кітап көрмелері ұйымдастырылды, кафедралардың тапсырыстарының орындалуы Толық оқу …

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» СЕМИНАР-КЕҢЕСІ

Ағымдағы жылдың 23 қазанында ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасында Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті ұйымдастырған «Жастар жылы қарсаңында: тәжірибе және ұсыныстар» атты семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялаған 05.10.2018 ж. «Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстың тұрақты Толық оқу …

«ЦИФРЛЫҚ КІТАПХАНА: 24/7 ФОРМАТЫНДА»

2018 жылдың 17 қазанында ЕҰУ ғылыми кітапханасында №3 ректорат мәжілісі өткізілді. Мәжіліс қатысушылардың кітапхана бойынша экскурсиясымен және таңғы кофемен басталды. Экскурсия барысында қатысушыларға коворкинг-зона мен электронды залдың жаңартылған дизайны көрсетіліп, «Цифрландыру – білім берудің даңғыл жолы» кітап көрмесі мен «Дизайн және Толық оқу …

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Л. Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы университеттің   оқу-білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісін ақпараттық қолдау мақсатында 2018 жылдың 22-30 қазан аралығында Факультет күндерін өткізеді. Факультет күндерінің бағдарламасы: Ғылыми кітапхананың ресурстары мен қызметтерін таныстыру Жаңа түскен оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми басылымдар және Толық оқу …