«Параграф» ақпарттық жүйесінің «ЮРИСТ» деректер базасы — құқықтық нормативтік құжаттар мен консультациялар күн сайын толықтырылып және жаңартылып отыратын ақпарат базасы. Деректер базасында нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері: заңгер-ғалымдар мен практиктердің заңнамалар бойынша түсіндірмелер, Жоғарғы Соттың және ҚР басқа да соттарының шешімдері; сот практикасына шолулар; Қазақстан Парламенті қарайтын заң жобалары; құқықтық және іскерлік құжаттардың үлгілік нысандарымен қатар басқа да құжаттар қамтылған. Пайдаланушыға бейне-нұсқаулық
Деректер базасын қолдану орны:
1. ҒЗЖ қолдау бөлімі (А. Пушкина к-сі 11, Ғылыми кітапхана, 1 қабат, № 102 каб. )
2. Электрондық ресурстар залы (Қажымұқан к-сі, 11, Оқу-зертханалық корпус, 4 қабат, № 412 каб.)
ЭКЖ «Elslantar.kz» — «ЛАНТАР» баспасының Қазақстан Республикасының жоғары мекемелері үшін 1118-нан астам толық мәтінді оқу және ғылыми басылымдардың дерекқоры. Басылымдарда ҚР БҒМ, РОӘК және ОӘК грифі бар және үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылған. Жүйе әртүрлі мүмкіндіктері бар пайдаланушылардың әртүрлі санаттары (студент-оқытушы-әкімшілік) үшін бірнеше жұмыс режимдерін қамтиды. Пайдаланушыларға арналған нұсқаулық
«Эпиграф» деректер қоры — қазақстандық «ЭВЕРО» баспасынан шыққан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 2000-нан астам атаудағы монографиялардың, оқулықтар мен оқу құралдарының толық мәтініне қолжетімділікті қамтамасыз ететін отандық ресурс. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Электрондық кітапханада тіркелу бойынша нұсқаулық
«Эпиграф» электрондық оқулығы – ҚР жетекші мамандары мен оқытушыларының мультимедиялық оқулық басылымдары. Оқулықтар ҚР мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толық сәйкес жасалған және мемлекеттік мекемелер аккредиттеген, бейне-дәрістерден, жоғары сапалы иллюстрациялардан (оның ішінде 3D форматында), схемалардан, графиктерден, тексеру тесттерінен тұрады. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ғылыми-білім беру қызметі үшін 48 мультимедиялық басылымға қолжетімділік берілген, оның 17-сі кәсіби сурдоаудармамен қамтамасыз етілге. Электрондық кітапханада тіркелу бойынша нұсқаулық
«Аknur рrеss» сандық кітапханасы – ҚР жоғары оқу орындары үшін сапалы іріктелген оқу және ғылыми басылымдардың 3 тілдегі дерекқоры. Жүйе пайдаланушылардың әртүрлі санаттары үшін бірнеше жұмыс режимін қамтиды (студент-оқытушы-әкімші). Техникалық қолдау және call-орталық 24/7.
«E-UNI.KZ» сандық кітапханасы – ҚР жоғары оқу орындарының (М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Абай атындағы ҚазНПИ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАИУ, МУИТ және т.б.) оқу және ғылыми басылымдарының политематикалық базасы. Цифрлық технологиялар, педагогика, инженерлік және жаратылыстану ғылымдары, экономика және құқық бойынша қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 4000-нан астам басылым ұсынылған. Платформада сондай-ақ онлайн-курстар, дәрістер және басқа да пайдалы сервистер бар.
«Smart Kitap» электрондық оқулықтары –ҚР жоғары оқу орындарының жетекші мамандары мен оқытушыларының оқу және ғылыми басылымдарының дерекқоры. Контент 3 тілде ұсынылған. Электрондық оқулықтарда мәтін, бейне-дәрістер, суреттер, анимациялар, графиктер, тестілер бар. Электрондық оқулықта барлық оқыту процесі іске асырылған. Техникалық қолдау және call-орталық 24/7.
ЭКЖ «Лань» оқытудың әртүрлі бағыттары бойынша оқу, ғылыми, кәсіби әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың жетекші баспалары кітаптарының электронды нұсқаларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де жазылымдар топтамасы «ЛАНЬ» баспасының инженерлік-техникалық ғылымдар, информатика, математика, физика, химия, дене шынықтыру және спорт бойынша кітаптарын қамтиды.Сондай-ақ желілік электронды кітапханалар консорциумы аясында ТМД елдерінің 349 университетінің қорындағы басылымдардың 73 308 атауына қолжетімділік бар. Ресурсты пайдалану бойынша нұсқаулар. Қашықтан тіркеу нұсқаулары осында.
ЭКЖ «Университетская библиотека онлайн» – жетекші ресейлік баспалардың білімнің барлық салаларындағы ғылыми және оқу басылымдарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін электронды кітапхана. Электрондық кітапхана жүйесінде электрондық кітаптар мен оқулықтар, ғылыми мерзімді басылымдар (Жоғарғы аттестаттау комиссиясының журналдары), ғылыми классика туындылары; энциклопедиялар мен сөздіктер; интерактивті тесттер мен тренажерлар, емтихандарға экспресс-әзірлік (емтихан сұрақтары мен жауаптары), оқу және тарихи карталар, аудиокітаптар мен бейнематериалдар, презентациялар, схемалар, кестелер қамтылған. Басылымдар каталогі жүйелі түрде жаңа өзекті әдебиеттермен толықтырылып отырады және қазіргі уақытта 116 мыңға жуық атауды қамтиды. Ресурсты пайдалану бойынша нұсқаулық.
СБР «IPR SMART» – лицензиялық оқу және ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар, аудиокитаптар, бейнекурстар, онлайн тестілер ресурсы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ барлық білім беру бағдарламалары мен қосымша баспа коллекциялары бойынша «Премиум» нұсқасы қолжетімді, бұл 62 000-нан астам басылым. IPR SMART-та қазақ тіліндегі кітаптар да бар (525 басылым). Құрамында заманауи цифрлық қызметтер, соның ішінде мамандандырылған ұйымдардың сараптамалық қорытындыларымен көру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған заманауи бейімделу технологиялары бар және мобильді қосымшасы бар. Ресурсты пайдалану бойынша нұсқаулық: ЭКЖ-де тіркелу, студент кабинеті, оқытушы кабинеті.
«DATALIB.RU» СБР (электронды білім беру ресурсы) — бұл толық мәтінді қолжетімділікті қамтамасыз ететін және цифрлық технологиялар бойынша, білім беру ұйымдарында цифрлық экономика бойынша әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыру жөніндегі оқу мазмұнының бірегей топтамасын қамтитын білім беру ресурсы, сондай-ақ цифрлық пәндерді құрастыру және смарт-курстарды қалыптастыру құралы. Платформада бірегей бейне дәрістер, сандық технологиялар бойынша эксклюзивті білім беру мазмұны бар.
ЭКЖ «Znanium.com» да ИНФРА-М ғылыми-зерттеу орталығы шығарған оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердің электронды нұсқаларының жинақтары, тақырыптық және мақсатты белгілері бойынша топтастырылған басқа ресейлік басылымдар қамтылған. Электронды кітапхана жүйесі OpenAccess режимінде 2 миллионнан астам ғылыми ақпаратқа қол жеткізетін Discovery іздеу жүйесін қамтиды. Ресурсты пайдалану бойынша нұсқаулық: студент үшін, оқытушы үшін қолдау және call-орталығы – 24/7.
ДБ «Polpred» — БАҚ-қа шолу — іскери ресейлік және шетелдік баспасөз мақалаларының толық мәтінді базасы. Рубрикаторды 110 өнеркәсіп және қосалқы секторлар / 600 дереккөздер / Ресей Федерациясының 8 федералды округі / 235 ел мен аумақ / негізгі материалдар / 25 000 жоғары лауазымды тұлғалардың мақалалары мен сұхбаттары / іздеу sphinxsearch бөлімдері құрайды. Күн сайын толық мәтіні орыс тілінде мыңдаған жаңалықтар беріледі. 25 жыл ішінде ақпарат агенттігінің және баспасөздің миллиондаған сюжеттері жарияланды.
ДБ «East View» деректер қоры (ИВИС) – ресурста ТМД-ның беделді университеттерінің қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша академиялық баспаларының хабаршылары мен журналдарының толық мәтінді материалдары бар. Контент ПОҚ сұрауы бойынша қалыптастырылады. 2024 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 267 толық мәтінді мерзімді басылым жазылады. Зерттеулердің толық мәтіндері дереккөздерге библиографиялық сілтемелерді жеңілдететін түпнұсқасын нөмірлеумен бейнеленеді. Хронологиялық қамту — 90-жылдардың ортасынан қазіргі уақытқа дейін.
ДБ «IEEE Xplore Еlесtгопiс LiЬгаrу» — электротехника, есептеуіш техника, биотехнология, телекоммуникация, энергетика және басқа да ондаған технологиялар бойынша 5 миллионнан астам толық мәтінді құжаттарды қамтитын әлемдегі ең үлкен техникалық электронды кітапхана. IEEE биомедицина мен денсаулық сақтау, ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар, нанотехнологиялар, энергетика, телекоммуникациялар және көлікті қоса алғанда, көптеген салалардағы жаһандық стандарттарды әзірлеуші болып табылады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жазылу жинағында: 300-ден астам ғылыми журналдардың жаңа материалдарына, 1800-ден астам конференция жұмыстарына, техникалық стандарттарға және Princeton University Press, River Publishing, Packt Publishing баспаларының кітаптар жинағына қолжетімді.
ДБ «Academic Search Complete» «EBSCO» компаниясының мультидисциплинарлық ресурсы. 5 812 мерзімді журналдың ғылыми жұмыстарының толық мәтіндерін қамтиды, олардың 4 000-нан астамы Web of Science және Scopus платформаларында рецензияланады және индекстеледі. Толық мәтінді материалдардан басқа, дерекқор 12 500-ден астам журналдарға арналған көрсеткіштер мен рефераттарды, сондай-ақ монографияларды, есептерді, конференция материалдарын және басқа да ақпаратты қоса алғанда, 13 200-ден астам жарияланымдарды қамтиды.
Дерекқорда 1887 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі PDF-материалдар бар, олардың көпшілігі түпнұсқа PDF форматында сақталған. Келтірілген дереккөздерді 1400-ден астам журналдардан іздеу қамтамасыз етілген.
ДБ «eBook Academic Collection» EBSCO компаниясына қарайтын әлемнің түкпір-түкпіріндегі Oxford University Press, Cambridge University Press, Harvard University Press, Elsevier, Taylor & Francis, т.б. ірі ғылыми және университеттік баспалардың түрлі академиялық бағыттардағы 244 159-нан астам пәнаралық электронды кітаптарын қамтиды.
ДБ «Oxford Scholarship Online» – атақты «Oxford University Press» ғылыми баспасының академиялық кітапханасы. Деректер базасында әлемнің 90 елінен 2000-нан астам мекеменің 27 пәндік облысы бойынша 20 000-ға жуық кітап бар. Ғылыми басылымдар гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары мен құқықты қамтиды. Oxford Scholarship Online-ға қолжетімділік Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампусының аумағында ұсынылады.
ДБ «Springer link» — зерттеушілерге журналдардан, кітаптардан, хаттамалардан, сериялардан, анықтамалықтардан және еңбектерден миллиондаған ғылыми құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлемдегі жетекші баспа үйі. Университеттің жазылымы бойынша «Зияткерлік технологиялар және робототехника (Intelligent Technologies and Robotics)», «Бизнес және менеджмент (Business and Management)» бойынша 2022 жылға арналған 3500-ден астам 1997 жылдан бастап рейтингтік ғылыми журналдар мен кітаптар жинағы университеттің жазылымы арқылы қолжетімді.
ҚР БҒМ Ұлттық жазылымы бойынша аналитикалық платформалар
ДБ «Web of Science»— пәнаралық және аймақтық көрсеткіштер индекстеріне, арнайы деректерге және патенттік көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін рефераттық-библиографиялық қор. Платформа 159 миллионнан астам жазбалардың 1,7 миллиардтан астам сілтемелерін пайдалана отырып, 34 000-нан астам журналдарды іздеуге, барлық пәндер мен уақыт кезеңдері бойынша идеяларды қадағалауға мүмкіндік береді. Дерекқорға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық жазылымы бойынша қол жеткізе алады.
ДБ «Scopus» — рецензияланған әдебиеттердің – ғылыми журналдардың, кітаптардың және конференция материалдарының рефераттары мен дәйексөздерінің дерекқоры. Scopus 25 000 белсенді басылым мен 7 000 баспаның контентін индекстейді. Дерекқорға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық жазылымы бойынша қол жеткізе алады.
«Wiley Online Library» ДБ – ең ірі академиялық баспа кітапханаларының бірі, 1600 журналдан 8 миллионнан астам мақала, физикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды қамтиды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1997 жылдан бастап ҚР БҒМ Ұлттық жазылымына кіретін толық мұрағаты бар ғылымның барлық бағыттары бойынша журналдарға қол жеткізе алады. Wiley баспасының көптеген журналдары Scopus және Web of science ғылыми метрикалық платформаларында индекстелген. Wiley Online Library Пайдаланушы нұсқаулығы.
Wiley Researcher Academy Online — зерттеу жарияланымының барлық аспектілерін қамтитын, көптеген курстары бар оқытудың кешенді онлайн платформасы. Платформада зерттеушінің мансабы, қолжазбаларды жазу және беру, жарияланымдардың алдыңғы қатарлы аспектілері, авторларға арналған қосымша дағдылар сияқты тақырыптық курстар бар. Курстарды өтіп, емтихан тапсырғаннан кейін сертификат алу мүмкіндігі бар. Платформаға толық қол жеткізу үшін Университеттің IP мекенжайы бойынша тіркелу қажет.
ДБ «SciVal»-халықаралық ғылыми зерттеулерді мониторингтеу мен талдауға арналған онлайн-платформа. Scival модульдік платформасы 230 елден 12000-нан астам ұйымдардың (ЖОО, Мемлекеттік және корпоративтік ғылыми-зерттеу орталықтары) ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ұсынуды және бағалауды қамтамасыз етеді. SciVal үшін Scopus дерекқоры деректер көзі болып табылады. Авторизацияға арналған деректер Scopus-пен бірдей.
ДБ «Science direct» – рецензияланған ғылыми әдебиеттердің жетекші платформасы. Elsevier Science Direct 100-ден астам елдегі 1750 белсенді журналдардың 18 миллионнан астам мақалаларының толық мәтінін қамтиды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық жазылымына енгізілген ғылыми журналдарға қол жеткізе алады.
eLibrary USA – JStore, ProQuest Dissertations & Theses Global ресурстарын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Ғылыми кітапханасындағы Америка бұрышы ұсынады және оған қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Қашықтан қол жеткізу нұсқаулығы