Факультеттің пәндік кітапханашысы
Пәндік кітапханашылар ЕҰУ-дың оқу және ғылыми-зерттеу үдерісін ақпараттық қолдау жәнепрофессор-оқытушылар құрамының еңбектерін насихаттау үшін құрылған топ. Пәндік кітапханашылар мамандықтар бойынша кітапхана қорын жетілдіру және кафедралармен байланыс орнату үшін жауапты. Пәндік кітапханашыларға мынадай тапсырмалар жүктелген:
-Кафедра мәжілісі және басқа да ресми және бейресми факультет пен кафедра шараларына барынша қатысады;
— Кафедраның оқу процесіне қажеттібасылымдарды сатып алуға бергентапсырыстардың орындалуын;
— Кафедра күндерін, Ақпарат күндерін, Факультет күндерін және басқа да кітапхана іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
— профессор-оқытушылар құрамының оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі қажеттіліктерін зерттейді;
— ғылыми жарияланымдарды жасау бойынша консультациялық қызмет көрсетеді;
— профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар контингентінің ақпараттық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
Құрметті оқытушылар! Егер кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану туралы сұрақтарыңыз болса, сондай-ақ кітапханамен ынтымақтастық туралы ұсыныстарыңыз болса, факультетіңіздің пәндік кітапханашысымен байланыса аласыз.