Ғылыми кітапхананың мерзімді басылымдар оқу залынан «Қазақстанның жоғары мектебі» атты ғылыми-сараптамалық журналымен таныса аласыздар.
Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған. Журналда Қазақстанның білім беру саласының өзекті мәселелері, Болон процесі бойынша ақпараттар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз ету, оқытудағы инновациялар, білім беруді цифрландыру бағыттары бойынша ғылыми және практикалық мақалалар жарияланған.
Бұл журнал Қазақстанның білім беру жүйесіндегі зерттеушілер мен білімнің даму проблемаларына қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымы үшін ғылыми-талдамалық басылым болып табылады.
Журналдың толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://higher.edu.kz/