«ДӘУІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл

Оқырмандар назарына!

Қазақтың заңғар жазушысы, Абайтану ғылымының негізін салған, Абайды әлемге алғаш танытқан жазушы-академик – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің (1897-1961) туғанына 125 жыл толуына орай ғылыми кітапханада «Дәуірдің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге сирек кітаптар қорынан М.Әуезовтің көркем шығармалары, соның ішінде: 1945 жылы жарық көрген орыс тіліндегі «Абай: романы»; Қазақтың біріккен мемлекет баспасынан 1947 жылы шыққан «Абай: тарихи романы», 2-кітап; Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шыққан «Ақын аға романы» (1950); «Абай: тарихи роман». 1-2 кітаптары. Түзетіліп, әр жылдары басылған (1952, 1953, 1955, 1956) және 1997 жылы Тегеранда басылған парсы тіліндегі 2 томдық «Абай жолы» романдары, сонымен қатар жазушының «Әр жылдар ойлары» (1959), «Мысли разных лет: по литературным тропам» (1961),  «Уақыт және әдебиет» (1962), «Абай Құнанбаев» (1967) зерттеулер, мақалалар жинақтары және «Алты томдық. Таңдамалы шығармалары» (1955-1957), «Индия очерктері: көріністері» (1958), «Қараш-қараш: әңгімелер, пьесалар жинағы» (1960), «Өскен өркен: романы» (1962) «Қаралы сұлу: әңгімелері» (1965), «Көксерек: повесть» (1967), «Қилы заман: повестер мен әңгімелері» (1975) басқа тілдердегі кітаптары және М. Әуезов жайында жазылған ғылыми еңбектері қойылды.

Жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларының 12 томдық (1967-1969), 20 томдық (1979-1985), 50 томдық (1997-2011, 2014) жинақтарын, басқа да еңбектері мен Мұхтар Әуезов туралы жазылған кітаптарды ғылыми кітапханадан алып оқуларыңызға болады.