Сапалы білімнің сенімді тірегі — кітапхана

Жаңа оқу жылынан бастап университеттің ғылыми кітапханасында

1- курс студенттеріне арнайы ақпараттық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында студенттерге кітапхананың құрылымы, жұмыс уақыты, ресурстары мен кітап қоры, оны пайдалану ережесі  түсіндірілді.

   

Арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында инклюзивтік ақпараттық-ресурстық орталықтың мүмкіндіктері жайлы айтылды.

Оқырмандар үшін электронды ресурстарды ұйымдастыру бөлімі кітапхана сайтымен таныстырып,  электронды каталог, медиатекамен жұмыс жасау үлгісін көрсетті.

   

Білім алушылар үшін “American Corner and Maker Spase” ақпараттық ресурстар орталығының мүмкіндіктері мен арнайы жобалары айтылды. Мұнда ағылшын тілін жетілдіру клубтары, техникалық құралдармен жұмыс жасау үшін шеберлік курстар жайында ақпарат берілді.

   

“Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге” — деп Абай Құнанбайұлы айтқандай кітапханамызда оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған және есік ашық!