«Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы»

Ағымдағы жылдың 5-қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150- жылдығына орай «Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге ғылыми кітапхана қорындағы «Тіл құралы» (1925), «Әліп-би» (1926), «Тіл жұмсар» (1928) төте жазумен жазылған  сирек кітаптары және «Ақ жол» (1991), «Тіл тағылымы» (1992), «Жоқтау» (1993), «Жан сөзімді кім түсінер» (1994), «Жаңа низам» (1996), «Қырық мысал» (2001), «Маса» (2005), «Бес томдық шығармалар жинағы» (2002), «Алты томдық шығармалар жинағы» (2013), Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми-зерттеу еңбектері мен конференция материалдары қойылды.

Көрменің мақсаты алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері мен әдеби мұрасын оқырмандарға дәріптеу.

Іс-шараға келген Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат Нұрбекұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы және Ресей, Башкирия, Малазия елдерінен келген қонақтар мен Қазақстан ғалымдары, университет оқытушылары, студенттері Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысты.